Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Өткен аптада Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» ұранымен мемлекеттік қызметшілердің аудандық спартакиадасы өтті.
Спорттың 7 түрінен өткен шараға 50-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты. Қол күресі, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан өткен сайыста мықтылар анықталды. Жалпы командалық есеппен кент және ауылдық округтерден құралған команда І орын, аудан әкімі аппараты ІІ орын, дербес бөлімдер ІІІ орынды иеленді.
П.Қизатова