Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

25 қазан - Республика күніне орай қазақстандықтар үш күн демалады. Осыған орай еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

«25 қазанда еліміз Республика күнін атап өтеді. Мереке күндері 23, 24 және 25 қазанда еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар да жұмыс істемейді», - делінген ресми ақпаратта.

Дегенмен хабарламада айтылғандай, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда кезекші халыққа қызмет көрсету және мамандандырылған орталықтар 24 қазан күні 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Сондай-ақ, 22 қазан жұмыс күні болып бекітілгенін еске саламыз. Бұл күні орталықтар клиенттерді сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. 26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алады», - дейді ведомстводан.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521