"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары Жұмағалиевтер әулеті Доссор кентіндегі №213 учаскесіне барып, өз дауыстарын берді.
“Президент сайлауы елімізде жүргізіліп жатқан оң өзгерістердің бірі. Одан бөлек, алда да жақсы игіліктердің болатындығына сеніміміз мол. Сол себепті, бізде отбасымызбен келіп, таңдауымызды жасадық”, - дейді Ахметжан Жұмағалиев.
Мерейлі отбасы атанған Жұмағалиевтер Президент сайлауын өтуін толықтай қолдайтынын және де мұндай айтулы күнде үйде бей-жай отыра алмағандықтарын жеткізді.