«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің Жылыой ауданы бойынша үміткерлерін марапаттау рәсімі өтті

Марапаттау рәсіміне қатысқан Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражанов өз кезегінде:

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Еліміздің әр азаматының бойындағы биік рухани, адамгершілік құндылықтар ең алдымен отбасында қалыптасады. Байқауға қатысушы барлық отбасыларға тағы да алғысымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық, алдағы істеріңізге сәттілік пен табыс тілеймін - деді.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына аудан бойынша 4 отбасы қатынасып, нәтижесінде:

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының Жылыой аудандық кезеңінің жеңімпазы ақкиізтоғайлық АЙТЫБАСОВТАР отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

І орын иегері Ақсақаловтар отбасы (Жаңа Қаратон кенті);

ІІ орын иегері Жеңсікбаевтар отбасы (Жем ауылдық округі);

ІІІ орын иегері Сағыновтар отбасы (Майкөмген ауылдық округі) атанды.

e22e68cf-5090-4027-a579-325611f16ae4

7637ce5b-b857-4286-87f6-edd0e7156d87

bd43d349-d826-40cd-a406-d191287d3358

c7ea30a3-d874-4975-9e04-f4f70995b08d

Отбасының – қоғамдағы мән – маңызы зор. Бақытты жанұя құрып, өнегелі өмір сүру – қашанда жастарға тәрбие, тәлім. «Жапырағы жайқалған бәйтеректей» болып, алтын шаңырақты отбасыға айналу – әр адамның арманы. Әрқашан армандарыңыз орындалып, бақытты ғұмыр кешіңіздер! Еліміз тыныш, отбасымыз аман, шаңырағымыз биік болсын ағайын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521