Мен жастарға сенемін

Парламенттің партиялық тізіміне алғаш рет әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның енгізілуі олардың еліміздің дамуына белсене атсалысуына жол ашады.

Президенттің Жарлығымен бекітілген алдағы жылдың қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен тағайындалатын барлық деңгейдегі мәжіліс депутаттарының сайлауы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, саяси жүйені жаңғыртып қана қоймайды, қазіргі тәж тажалының төндірген әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде елдегі жағдайдың жақсаруына да өз септігін тигізеді деп сенемін. Өйткені заң талабына түзетулер енгізіліп, елімізде парламенттік оппозиция институтын құрылып, оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Оларға көптеген құқықтар беріледі. Бұл дегеніңіз мемлекетіміз демократиялық дамудың даңғыл жолына түсті деген сөз. Бұдан басқа, Парламенттің партиялық тізіміне алғаш рет әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның енгізілуі олардың еліміздің қоғамдық-саяси жағынан дамуына белсене атсалысуына жол ашады.

«Жас келсе – іске», «Асыл – тастан, ақыл – жастан» дегендей, ел ертеңі жастардың саяси өмірге соны серпіліс әкелеріне сенемін. Ал мәслихаттар сайлауының алғаш рет партиялық тізім бойынша өтуі, сөз жоқ, жергілікті жердегі демократияны дамытып, саяси партиялардың жұмысын жандандырады. Бұл орайда «Nur Otan» партиясы «Праймериз» өткізіп, өзінің көшбасшыларын анықтап алғаны аян.

М.Хайруллин,

Еңбек ардагері,

«Nur Otan» партиясының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521