Мемлекеттік қызметшілерді бағалау және ротациялау жетілдірілуде

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде2022 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша мәжіліс өтті.
«Біздің жұмысымыздың негізгі басымдығы – Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жария еткен, Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды сапалы орындау», – деді Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбаев.
Бұл ретте Агенттік тарапынан қойылған мақсаттарға қол жеткізу, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі кадр потенциалын арттыру үшін мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру, сондай-ақ, практикалық шараларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бірінші. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау.
Бағалау институтын жетілдіру аясында Агенттік оны іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді әзірледі. 360 әдісі бойынша құзыреттерді бағалау бұл тәсілдердің жарқын үлгісі (сауалнама арқылы).
Жаңа тәсілдердің арқасында бағалау барынша жеңілдетіледі және толық автоматтандырылады. Бағалаудың әртүрлі субъектілері (басшылар мен орындаушылар) үшін бағалаудың саралау тәсілдері қолданылатын болады.
Мемлекеттік қызметшілерді бағалауды тоқсан сайынғы негізде жүзеге асыру жоспарлануда, оның нәтижелері меритократия қағидаты бойынша мансаптық ілгерілету кезінде пайдаланылады. Осылайша, қатарынан 4 тоқсан бойы жоғары баға алған қызметшілерді тікелей қызметке тағайындау көзделуде. Белгілі бір қызметкерлерді жылжыту мақсатында бағалау кезінде формализмді болдырмау үшін мұндай тағайындау Агенттікпен келісіледі.
Сонымен бірге, қатарынан 2 тоқсан қанағаттанарлықсыз баға алған қызметкер лауазымы төмендетіліп, ал бос орын болмаған жағдайда жұмыстан шығарылу мәселесі қарастырылуда.
Екінші. Қызметкерлерді ротациялау.
Кәсібилендірудің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алудың маңызды құралдарының бірі мемлекеттік қызметшілерді уақытылы ротациялау болып табылады.
Міндетті ротация қолданылатын тұлғалардың тізбесі кеңейтілуде. Ротацияға жататындар қатарына «А» және «Б» санаттары тобының лауазымдары енгізілетін болады.
Бұдан басқа, қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімдері біріздендіріледі, сондай-ақ басқа жерге ротацияланатын қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдері көзделетін болады.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521