Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздіктің нышаны

Тутұғыр алаңында 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов және облыстың зиялы қауым өкілдері, ҚР Қарулы күштері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.

Шара шымылдығы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры әртістерінің прологымен ашылды. Кейін облыс әкімі атыраулықтарды мерекемен құттықтады.

- Мемлекеттік рәміздер - егемендігіміздің басты нышаны. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары шекарамыз бекітіліп, рәміздерімізді қабылдадық. Ата-бабадан келе жатқан тарихты жалғастырып, қандай ел екенімізді, қандай мақсаттарды көздейтінімізді осы нышандар арқылы белгіледік. Елтаңбамызбен бір шаңырақ астында бейбіт өмір мен татулықты аңсайтынымызды таныттық. Көк туымызбен ашық аспан астында қырандай қалқып, дамыған елдермен тереземіз тең болуын көрсеттік. Ал әнұранымыз бойға ерекше рух береді. Онымен тәуелсіздігіміз үшін мың өліп, мың тіріліп, намысымызды қолдан бермегенімізді жеткіздік. Сондықтан рәміздердің маңыздылығын жас ұрпаққа айта отырып, оны құрметтеуге, биік насихаттауға шақыруымыз керек. Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын! Көк байрағымыз биікте желбіресін! - деді С.Шәпкенов.

Шара барысында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, ҚР Мемлекеттік Туы Тутұғырға көтерілді. Артынша шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521