Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығын жаңа Конституцияда бекіту ұсынылады

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаухалықаралық қорының президенті ҚарлығашЖаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысындаҚР жаңа Конституциясына әрбір азаматтыңмемлекеттік органдар мен лауазымдыадамдардың заңсыз әрекеттерінен немесеәрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығытуралы норманы енгізуді ұсынды.

Ол сөз басында Комиссия мүшелерінекелісу, талқылау және қызу пікірталастардыңкүрделілігіне қарамастан, ашықтық пенсындарлылық ұстанғаны үшін алғысын білдірді.

«Заңгер әріптестеріме азаматтық қоғамныңұсыныстарына нақты тұжырым тапқандарыүшін алғыс айтқым келеді», - деді ҚарлығашЖаманқұлова.

Адам құқықтарын қорғау кепілдіктерінкеңейту мәселесіне тоқтала отырып,мемлекеттік органдар қызмет бабына қарай күн сайын адамдардың тағдырымен байланыстаболатынын атап өтті.

Атап айтқанда, мемлекеттік шешімдер рұқсаттар, тыйымдар немесе тексерулерқарапайым адамның жұмыс істеу, оқу, емделужәне өз мүлкін қорғау мүмкіндігін анықтайды.

Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, адамның мемлекеттік органдардың заңсызәрекеттерінен немесе әрекетсіздігіненкелтірілген зиянды өтеу құқығы құқықтықмемлекеттің және құқықтар менбостандықтардың нақты сипатының негізгіэлементтерінің бірі болып табылады.

«Қазақстандықтар осындай залал үшін барабар өтемақы алуы тиіс. Егер азаматқаәділетсіздік жасалса, ол жұмсаған уақыты,ақшасы немесе тіпті жүйкесі үшін өтемақыалуы керек», деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, мұндай конституциялықкепілдік азаматтарды қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдар мен лауазымдытұлғалар тарапынан заңсыз шешімдер мен іс-әрекеттер қабылдау қаупін азайта отырып, тұрақты алдын алу әсерін тигізеді.

«Егер сот мемлекеттік органдар менлауазымды тұлғалардың шешімдері меніс-әрекеттері заңсыз деп таныған жағдайда,азаматтарға осындай өтемақы алу мүмкіндігінекепілдік беру қажет», - деді ҚарлығашЖаманқұлова.

Ол мұндай кепілдікті Конституциядеңгейінде енгізу әр адамның құқық субъектілігін тану екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция әрбір адам құқықтармен міндеттердің иесі болып табылатындығынан және оларды, мемлекеттенде қорғауды өз бетінше талап етуге құқылы кендігінен туындайды», деді ол.

Жалпы, Қарлығаш Жаманқұлованыңпікірінше, мұндай норманы енгізу әрбіразаматты жария-құқықтық қатынастардың тең құқылы қатысушысы етеді, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың практикалыққұралына айналады.

«Сайып келгенде, мұндай нормамен жаңаКонституцияның жобасы ел азаматын, оныңмүдделері мен құқықтарын бірінші орынға қоятын барынша адамға бағдарланған болады.Сондықтан Конституцияға әрбір азаматтыңмемлекеттік органдардың немесе олардыңлауазымды тұлғаларының заңсызәрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келгензиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізудіұсынамын», деп түйіндеді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT