Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 44 адам марапатталды. 

«Парасат» орденін еңбек ардагері Мадина Ғабдісәлімова иеленді.

«Құрмет» орденімен:

Халел Жамалов «Горизонт» ЖШС бас менеджері; 

Айбек Крамбаев «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстанда мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын бас директорының кеңесшісі;

Анатолий Лысяк  «Атырау барыстары» ЖШС баскетбол академиясының жаттықтырушысы;

Мақсот Мұқанов Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;

 Темірбек Мұхтаров «Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК бас суретшісі;

Қайрат Нұртаев Атырау облысы әкімінің орынбасары;

 Сәлімгерей Садықов «Дина Нұрпейісова  атындағы  халықтық  музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі халық аспаптар бөлімінің домбыра мамандығының арнайы аспап пәнінің мұғалімі;

 Мұқанғали Томанов «InfinityPlazaEcoPark» эко-паркі, «Инфинити-Орда» ЖШС құрылтайшысы Сағын Сәрсенов; 

«Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК көркемдік жетекшісі. 


ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:

Дүйсембай Ержанғалиев «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссор Мұнайгаз» МГӨБ №1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының операторы;

 Мұрат Жақсығалиев «Атырау Жарық» АҚ Атырау қалалық электр желілерінің «Жоғары кернеулі электр жүйелері» учаскесінің электр монтері;

Амангелді Қонашев  «Бірлік» ШҚ жұмысшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Әбділдиев Аманбек «Атырау Жарық» АҚ Қызылқоға аудандық электр жүйесінің басшысы;
 
Балмағамбетов Исатай «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары;
 
Бекбаева Қарлығаш «Атырау облысы Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
 
Гузиков Лев «Былина» газетінің тілшісі;
 
Демегенов Серік «Атырау қалалық қаржы бөлімі» ММ басшысы;
 
Жұмағалиева Гүлмира «ПЦН Күзет» ЖШС бас директоры;

Исағалиев Мұрат «Аман-Есен» ШҚ жетекшісі;
 
Исмағұлова Табила «Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» КММ математика пәні мұғалімі;
 
Қалиева Құрманай Еңбек және әлеуметтәк қорңау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
 
Қарашин Бекет «Алшы» әдеби-тарихи және мәдени қорының директоры;

Қуанышалиев Мансұр еңбек ардагері;

Мәшімова Ақмарал «Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония» КМҚК бас режиссері;
 
Мырзағалиев Шәкіржан «АРЕС PetroТechnic жоғары колледж» ЖШС директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;
 
Нұров Есенбай еңбек ардагері;

Сапаров Бағдат Индер ауданы әкімінің кеңесшісі;

Төреғалиев Жүсіп Бөкейхан ауылдық округінің әкімі;
 
Хайруллиев Мұса Атырау облыстық мәслихатының төрағасы;

Халин Тілек еңбек ардагері;
 
Шотпақов Сағынбай Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
 
«Шапағат» медалімен:
 
Қадыров Жангелді «Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» КМК ШЖҚ реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-анестезиолог-реаниматологі;
 
Ұтысхан Алтынбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» мешітінің бас имамы.
 
 
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен
 
Бисенова Ғазиза «Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК әртісі;
 
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

Аманжолова Айнұр Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы;
 
Бексұлтан Марат «Batu Han Zhebesi» дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті;
 
Нұрманов Ербол «Қазақстан темір жолы ұлттық  компаниясы» АҚ – «Атырау магистральдық  желі бөлімшесі филиалының Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы;
 
Нысанбай Нұрлыбек  «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жетекші инженері;

Оразғалиева Малика «YEMAA» заманауи өнер орталығының директоры;

Тян Александр «Park Health West» ЖШС дәрігер оториноларингологі;

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен Индер ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесінің төрайымы МҰҒАУОВА Жібек марапатталды. 
 
Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасын «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы РАСУЛОВ Рамиль,  «Довира» украин этномәдени бірлестігінің мүшесі ПОНОМАРЕНКО Тарас иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521