Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында мемлекеттік көрсетілген қызметтер сапасына кезектіқашықтықтан мониторинг жүргізіледі.
Бұл ретте, Департаментпен жүргізілген мониторинг барысында
бірқатар қызмет алушының құқығы бұзылып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен қызмет алушылардың техникалық құралдарға қатыстыфото-материалдары ұсынылмауына байланыстымемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынудан бас тартып отырған.
Бұл тұрғыда, көрсетілетін қызметтің тәртібін реттейтін Қағидаға
2023 жылдың қаңтарында енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті талап жойылғандығын атап өту қажет.
Алайда, Бөлім қызмет алушылардан Қағидада көзделмеген құжаттар сұратып, ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан.
Осыған орай, Департамент мамандары аталған мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 2 қызмет алушының құқығы қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылданды.