Мемлекеттік қызметші өз міндетін адал атқаруы керек

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы күрес әр салада жүргізілуде. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық басқан жерде ешқашан сапалы да өнімді жұмыс жүзеге асқан емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – шын мәнінде баса маңыз берілуге тиісті жалпы мемлекеттік мәселе және мемлекет осы жемқорлықтың деңгейін төмендетуге барлық күшін жұмылдыруда.

Осы орайда басқарманың 2022 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл» атты іс – шара жоспарына сай, жемқорлықты болмау үшін жұмыстар жүргізілуде. Басқарма жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарайды. Өзінің құзыреті шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі ұстанымдар, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуына жауапкершілік және бақылау талаптары басшылыққа алынып отыр. Басқарманың 2-қабатындағы кіре берістегі көрнекі орында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламенті орналастырылған. Ғимараттың кіре берісінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен арыз – шағым, өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылып, «сенім телефоны» (5-65-06 ) жұмыс істеуде. Мамандар бейне бақылау орнатылған кеңседе қызмет жасайды. Басқарманың ауласында, алғы және артқы жағында және ғимараттың кіре берісінде, канцелярия бөлмелерінде, дәлізде бейне бақылау камералары орнатылды.

Сонымен қатар, ғимараттың екінші қабатындағы көрнекі орында Қазақстан Республикасы бұрынғы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» орнатылған. Басқарма басшысының азаматтарды қабылдау кестесі ілінген. Аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндеріне сағат 15.00 ден 17.00-ге белгіленген. «Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық саласында мемлекеттік қызмет тұрғындарға уақытылы көрсетіліп, жұмыстар атқарылуда.

Алия ТӨЛЕПОВА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT