Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында мемлекеттік көрсетілген қызметтер сапасына қашықтықтан кезекті мониторинг жүргізеді.
Бұл ретте, департаментпен жүргізілген кезекті мониторинг кезінде бірқатар қызмет алушының құқығы бұзылып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен қызмет алушылардың техникалық құралдарға қатысты фото-материалдарының жоқтығына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынудан бас тартып отырған. Бұл тұрғыда көрсетілетін қызмет тәртібін реттейтін қағидаға 2023 жылдың қаңтарында енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті талап жойылған болатын. Алайда, бөлім қызмет алушылардан қағидада көзделмеген құжаттар сұратып, ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартып келген. Осыған орай, департамент мамандары аталған мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі қызмет алушының құқығы қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті