Мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенім. Сондықтан осы саладағы қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей мінсіз атқаруы тиіс.
Бүгінгі мемлекеттік қызметші – білімді адам, дарынды ұйымдастырушы, көптеген салалардың білгірі. Өйткені қазіргі заманғы қоғамның даму динамикасы - мемлекеттік аппараттың жүйесін тұрақты түрде дамыту мен жетілдіруді талап етеді. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің өздігінен өсіп-өркендеуі, ең алдымен, қызметтік әдебінен бастау алады. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілеу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданды.
Сәйкесінше, мемлекеттік қызметшілер нақ сол мемлекеттік қызметті өткеру барысында тиісті заңнама мен әдеп кодексінің талаптарың қатаң сақтап, өзінің тарапынан орын алатын қандайда бір іс-әрекеттер мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал ететінін әрдайым жадында сақтауы қажет екенін ұмытпағаны жөн.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті