МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖӘЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ САҚТАЛУЫ

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны 109 бірлікті құрады, нақты саны – 100 адам.

Оның ішінде ерлер 31 (31%), әйелдер 70 (68%), жастардың үлесі 20 (19 %) құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің 10-ы арнаулы орта білімді, 90-ы жоғары білімді, 15 қызметкердің 2 және одан да көп жоғары білімі бар, 7 қызметкерде магистр дәрежесі бар, оның 3-еуі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдаған. 2022 жылдың 12 айында ішкі және жалпы конкурстар нәтижесімен 10 азамат (2022 жылы 28 азамат) жұмысқа қабылданды. 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы (мемлекеттік жүйеден кетуі) 1 адамды құрады. (2022 жылы 5 азамат).

2023 жылдың 9 айында 85 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарынан және кайта даярлау курстарынан өтті, оның ішінде жоспарлы түрде 21 мемлекеттік қызметші, жоспардан тыс 64 мемлекеттік қызметші. 2023 жылдың 9 айында алғаш мемлекеттік қызметке кірген 1 тұлғаға сынақ мерзімі тағайындалып, сынақ мерзімінен ойдағыдай өтіп лауазымға тағайындалды.

Мемлекеттік қызмет атқару әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік, алайда оларға арналған белгілі бір заң шеңберінде шектеулердің бар.

Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне Заңда белгіленген шектеулерді қабылдайды.

Осы шектеулерді сақтау мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады.

Үстіміздегі жылдың 9 айында Заң талаптарымен бекітілген шектеулерді бұзған мемлекеттік қызмешілер болған жоқ.

Жылыой ауданы әкімі аппаратының персоналды

басқару қызметі (кадр қызметі)

бөлімінің басшысы Г.Мирманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521