Мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғаудағы Әдеп Жөніндегі Уәкілдің рөлі

Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау - басты міндет.

Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі саналатын Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген.

Жауапкершілігі жоғары қызметте сенім үдесінен шығып, аянбай қызмет ету негізгі мақсатым болды.

Өзіңнің жүріс-тұрысыңмен, халқыңа адал да абыройлы болу басты парызым деп есептеймін.

Өйткені Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.

Осы ретте мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жеке өмірінде де аңдап басып, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны абзал. Олардың күнделікті міндеті қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылатынын ескерсек, мемлекеттік қызметшіге кәсіби біліктілікпен қатар адамгершілік қасиеттер де ауадай қажет. Қалай десек те, мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заң талаптарына толық сай болғаны дұрыс.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде берілетін «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын (pocketbook) әзірлегенін атап өткен жөн.

Бұдан мемлекеттік қызметке қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілгенін аңғару қиын емес. Оның үстіне бұл сала мамандарына әркез жоғары талаптар қойылып келеді.

Осы ретте ауданымызда әрбір тұрғынның өтініш-тілектерін орындау да маңызды. Өйткені ауданымыздың көркеюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін тауып, халыққа жақын болып қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату әрқашанда мемлекетке сенімділікті арттыратыны сөзсіз. Жергілікті басылымдарда, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен жиналыстар туралы мәліметтер орналастырылуда.

Сондай-ақ, мекемелердегі моральдық-психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілерден анонимді сауалнамалар жүргізілуде.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкіл

Г.А.Айшуақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT