Мемлекттік қызмет - абыройлы міндет. Оның халық алдындағы жүгінің ауыр екендігі де ақиқат. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық спартакиада өздерінің қызметтен бөлек спортта да жүйрік екендіктерін көрсетті.
Спартакиадағы жергілікті атқарушы органдар және департамент, басқармалардан 24 команда қатысып, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі мен бильярд, суға жүзу, садақ ату секілді спорт түрлерінен бақ сынады.
Спорттық додада Жылыой ауданының командасы үлкен жетістікке жетті. Аталмыш ойын түрлерінен сынға түскен Демесинов Азизхан, Айжарықов Рафхат, Искакова Асемгуль садақ атудан командалық есепте 2 орын иеленді, сондай-ақ бильярд спорт түрінен Мынбаев Қанат, Лян Игорь, Жандос Әділет командалық есепте 2 орынды жеңіп алды.
Аудан намысын қорғаған барша әріптестерді мерекелерімен құттықтаймыз!