«Мемлекет әр азаматтың ұстанымы мен сеніміне қолайлы жағдай жасайды»

«Референдум–2026» онлайн-марафонында Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Серік Егізбаев мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас жайында айтты. 

«Жаңа Конституция жобасының 7-бабы 1-тармағында нақты жазылған: дін мемлекеттен бөлек. Қазір Франция, Германия, Түркия, Қырғызстан елдерінің Конституцияларында да нақты секуляризм деген принцип бар. Секуляризм – мемлекет өз ұстанымдарын дін қағидаттарына емес, зайырлы, құқықтық нормаларына негізделіп, мемлекетті басқаруды сол принциптермен ұйымдастырады деген ұстаным. Бұл туралы Конституцияның 4-бабында мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастар нақты көрсетілген. Еліміздегі діни бірлестіктердің жанында 14 оқу орындары жұмыс істейді. Мемлекет әр адамның ұстанымы мен сеніміне қатысты қолайлы жағдай туғызады. Бірақ мемлекет ісіне, білім беру жүйесіне оны араластырмайды. Білім беру жүйесі тек зайырлы принциптермен жұмыс істейді», - дейді депутат.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT