Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

​«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Занының 62, 63, 64, 65 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптарына, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 "Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне, Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №291 «Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы Орталық мөлтек ауданының егжейлі-тегжейлі жоспарлау жобасы» қаулысына сәйкес және Құлсары қаласы әкімінің 2024 жылғы 06 тамыздағы №ЗТ-2024-04932415 өтінішін іске асыру мақсатында, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ​

1. «Дана сай» ЖШС-нің жеке меншік құқығындағы Құлсары қаласы, 7 ауыл мекенжайы бойынша орналасқан компьютерлік салон, кеңсе, дүкен құрылысы үшін берілген көлемі 0,0218 га жер учаскесі, кадастрлық нөмері 04-059-007-1821, көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

​2.. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін. ​

3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2025 жылдың 04 наурызға дейін деп айқындалсын. ​

4. «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Н.Қуатбаев) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

​5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

​6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521