МЕМЛЕКЕТ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметі өте маңызды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап бұл сала дамып, жетіліп келеді. Осы орайда Қазынашылықтың негізгі функциясының бірі – республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету, бюджеттің толық және уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету.

1994 жылы қаржы министрлігі жанынан қазынашылықтың бас басқармасы құрылды. Қазынашылық жүйесінің құрылғанына биыл 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан қазынашылығы еліміздің бюджет жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасып, даму жолын өткеріп, мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінде маңызды және беделді орынға ие болды.

Аталған мемлекеттік органдар «ORACLE» бағдарламасы негізінде жасалған қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде жұмыс жасайды. Бірнеше жыл бұрын «Қазынашылық-Клиент» мемлекеттік мекемелер арасындағы электронды «құжат айналымы» жобасының тұсауы кесілген болатын. Бүгінде осы жоба аясында электрон- ды қызмет түрін ұсынып келеді. Соның арқасында мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақыты қысқарды, қағазбастылық азайды, қаржылық құжаттарды өңдеу сапа- сы жақсарды. Операциялық және көліктік шығындар да төмендеді.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінің тұтынушылары саналады. Қазіргі таңда «Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі толықтай енгізілген. Осы жүйе арқылы нақты уақыт режимінде мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық құжаттарын өңдеу бағытында қызмет көрсетілуде.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуы аясында өркендеп келе жатқан қазынашылық ақпарат жүйесі салықтарды және басқа да төлемдерді аудару, бюджеттік шығындарды жүргізу, қаржы ресурстарындағы жергілікті атқару органдары мен Үкіметті басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысындағы транспаренттілік бағыттарына негізделген. Қысқаша қорытқанда, Мемлекет басшысы жүктеген талапқа – ел бюджетін тиімді басқару жүйесіндегі бас- ты міндетті қамтамасыз етуге бағытталған.

Аудандық қазынашылық басқармасы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді мақсат тұтқан қаржы саласындағы негізгі мемлекеттік органның бірі. Ол – республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттің орында- луына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысындағы операция- ларды есепке алуды қамтамасыз ету және де квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары бойынша операцияларды өткізу, төлемдерді уақытылы өткізу саласындағы тетіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің аумақтық органы.

Қазіргі таңда аудандық басқарма 56 мемлекеттік мекемеге қызмет етеді. Оның ішінде, жергілікті бюджеттен – 16, облыстық бюджеттен – 33 мекеме және ауыл, ауылдық округ, кент бюджеттерінен 7 мекемені қаржыландырады. Басқарманың басты қызметі – мемлекеттік бюджеттің орындалуын, мемлекеттік мекемелердегі барлық қаржылық іс-әрекеттердің есепке алынуын қадағалау.

Қазынашылық – мемлекеттік қаржыны нақты басқарудың ақпараттық негізі. Сондықтан ол барлық деңгейдегі бюджеттік іс-әрекеттердің орындалуын қатаң бақылайды. Білікті, өз ісін жетік меңгерген қазынашылық қызметкерлері кәсіби шеберлігінің арқасында мемлекеттік қаржыны тиімді басқару және бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету жолын- да жемісті жұмыстар жүргізіп келеді.

Гүлзия ТАЛАПОВА,

аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы – бас қазынашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521