Мемлекет басшысы Ту туралы челленджіге қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың Instagram желісіндегі Мемлекеттік Ту бейнеленген челленджіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, биыл жазда Нұрлан Қоянбаев пікірлер саны бойынша әлемдік рекорд орнату мақсатында Мемлекеттік ту бейнеленген челленджді қолдау туралы айтқан еді.

«Құрметті достар! Қазір жалауы бар жарияланым 12,2 миллион пікір жинаған. Біз әлемдік рекордты орнатуға бір қадам жақындадық. Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін 100 миллионнан астам пікір жазуға тырысайық. Егер миллионға жуық қазақстандық 100 пікір қалдырса, біздің Мемлекеттік ту әлемдегі ең танымал бейнеге айналады», - деп жазды продюсер Instagram-дағы оқырмандарына.

 

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521