Мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шарасы өткізілді

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамаловпен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық Білім беру басқармасының Жылыой аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасын өткізді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Қосшағыл ауылдық округіндегі 2 мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық іс-шарасын өткізілді. 36 балаға спорттық киімдер сыйға беріліп, сондай-ақ, аудандағы бір топ жастар да өз сыйлықтарымен балаларды қуантты. Аталған мектеп-интернатта әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім балалар тәрбиеленуде.

Айта кетейік, 1983 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатырған интернатқа биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521