Мектеп асханалары тексерілді

Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, білім бөлімі, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым өкілдері және аудандық мәслихат депутаттарынан құралған комиссия мектептерді тексерді. Олар, алдымен, №16 мектепте болып, ол жерде тазалыққа байланысты табылған кемшіліктерге байланысты ескертулер жасады. Келесі кезекте барған №15 мектеп асханасы талапқа сай болып шықты. Ал №18 мектеп асханасында кемшіліктер анықталып, оны дұрыстауға уақыт берілді.

- Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – мектептердегі балалардың тамақтану сапасы мен мектеп асханаларының тазалығы, тамақтардың Қазақ тамақтану академиясының арнайы бекіткен талабына сай келуін қадағалау,-дейді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Таласов. Анықталған кемшіліктер жөнінде хаттама толтырылды. Мәселе сараптама тобының және партияның тікелей бақылауында болмақ. Аталған шара алдағы уақытта жалғасын тауып, комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес аудандағы басқа да мектептердің асханаларына бақылау жүргізілмек.

Қ.Нұртайұлы.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика