Механизатор ағалар

Шөп шабу, мал төлдету, егін егу, күйек алу науқандары осы бір мігір көрмейтін механизаторларсыз, сірә да, бітпейді.

Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын механизатор мамандарсыз көзге елестету мүмкін емес. Сонау 70-80-ші жылдардың естелігі де жүзін күн қақтап, самал жел сипаған тракторшы, жүргізушілерсіз толыққанды болып шықпасы анық. Себебі қырда отарын өргізіп жүрген шопанға керек-жарағын, азық-түлігін жеткізетін, ақпар беру үшін аудан орталығына алып баратын осы Уазиктер еді.

002

Көктемде малшылар баяғы ата-бабасы сияқты түйені қомдап, жүк артып көшпейтін, совхоз жіберетін жүк машинасы келмей тырп етпейтін. Шөп шабу, мал төлдету, егін егу, күйек алу науқандары осы бір мігір көрмейтін механизаторларсыз, сірә да, бітпейді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының картинасын техниканың құлағында ойнаған мамандық иелерінсіз елестете алмайтынымыз сондықтан. Ендеше, олардың ауыл шаруашылығына қосқан зор үлесін осыдан-ақ салмақтай беріңіз.

C.ТӘЖІҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521