Медицина қызметкерлері саулығы басты назарда

«22 сәуірден бастап, медициналық мекеме емделушілерді шұғыл​ жағдайда қабылдай бастады» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​

​ Карантин аяқталғаннан кейінгі алғашқы күнде ​ 160 медициналық қызметкер жұмысқа шықты. Олардың барлығында коронавирус инфекциясына​ қайта тапсырылған тест нәтижелері расталмады. Бүгінде медициналық мекемеде жеті бөлім мен реанимация жұмыс істеп жатыр. ​ Аурухана толықтай дезинфекцияланды, дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген.​

​ «Біз енді-енді ашылып жатырмыз. Дәрігерлер кезең-кезеңімен жұмысқа тартылады. Қызметкерлермен психолог жұмыс істеді. Заңгерлер еңбекақысын төлеу​ және жұмыс уақытына байланысты мәселелерді талқылауда. Бұл жұмыстардың барлығы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен заңды негізде жүзеге асуда» деп атап өтті Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бауыржан Ахметқалиев.​

​ ​ ​ Қазіргі таңда облыстық аурухана емделушілерді шұғыл жағдайда ғана қабылдауда. Жоспарлы операциялар уақыты кейінге шегерілді. Қабылдау бөлімінің өзі провизорлық және таза аумақ болып​ екіге бөлінді.​ ​ Бірінші аумақта Covid-19 инфекциясының айқын белгілері бар​ емделушілер​ қабылданады. Таза аумақта басқа науқастар қабылданады.​ ​

«Бүгінде ауруханадағы санитарлық және эпидемиологиялық қорғаныс шаралары бұрынғыдай емес, күшейтілді. Бұған дейін аурухананың аймақтағы коронавирустың таралу ошағына айналуы біз үшін үлкен сабақ болды. Қателіктерден сабақ алынды. Ендігі жерде біздің дәрігерлеріміз ең алдымен өздерін максималды түрде қорғау арқылы, мыңдаған науқастардың денсаулығын сақтай аларына сенімді» деп нақтылады Бауыржан Ахметқалиев.​

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика