ЗУУМ форматында отырыс өткізді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданғанына биыл 10 жыл толуына орай, Жылыой ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық сотпен бірлесе отырып, ЗУУМ форматында отырыс өткізді.
Отырысқа аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің алқа мүшелері, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айшуақова Гүлнафис Аязберікқызы, Жылыой аудандық сотының судьясы, татуластырушы-судья Нургалиева Жадыра Кажимуратовна, аудан медиаторлары (мәмілегерлері) қатысты. ЗУУМ отырысты аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаров ашты.
- Құрылғанына 10 жыл толып отырған, яғни мәмілегерлер ұйымының төл мерекесі құтты болсын!Ұлт мен ұлт, ауыл мен ауыл, отбасы арасындағы татулық пен бірліктің, ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың берік болуына медиаторлар қосып отырған үлесінің маңызы өте зор.Осынау ұлы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан мәмілегерлердің қатары жыл сайын артып келеді. Бұл орайда, ауданда алғашқы отбасылық кәсіпқой медиаторлар Байжанов Жарылғасын мен Қалашева Үміт, кәсіби медиатор Әбдіғалиева Жаңылсын Сабирғалиқызы, кәсіби емес медиаторлар Ізбергенов Жолдыбай, Нәріков Әлімберді, Унайбекова Роза Сансызбайқызы, Мұқашев Малик Ерсайынұлы, Демесинов Жаумадин, Нұржанов Бақтыбай Баймуратұлының есімдерін зор құрметпен атаймыз, - деді ол.
Медиаторлар мерекесімен Жылыой аудандық сотының судьясы, татуластырушы-судья Нургалиева Жадыра Кажимуратовна құттықтап, өз сөзінде:
- Қазіргі таңда, Медиация институттары даму үстінде, қоғамда кикілжің, дау-дамай туындауына жол бермей, ынтамақтастықты, ауызбіршілікті бірінші орынға қоюды үнемі алға қоятын медиаторлардың ролі ерекше. Сіздердің осы медиация институтының жергілікті жерде дамуына қосып отырған зор үлестеріңіз қуантады. Алға қарай да қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздерге Медиация күні мерекесі қарсаңында дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, - деп түйіндеді.
Құттықтаушыларға медиаторлар Ізбергенов Жолдыбай, Әбдіғалиева Жаңылсын, Нәріков Әлімберді ризалық сезімдерін білдірді.Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!