Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Атыраудағы бірқатар мекеменің жұмысымен танысты

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Атырауға жұмыс сапары барысында бірнеше мекеменің қызметімен танысып, салалық бағыттар бойынша пікір алмасу өткізді.

Сапардың алғашқы нысаны – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты Азаматтық орталық болды. Кездесу кезінде азаматтық бастамаларды қолдау, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды дамыту және қоғаммен тиімді байланыс орнату мәселелері жан-жақты талқыланды.

Вице-министр одан әрі «Азан» радиосына барды. Радионың бағдарламалық мазмұны, студияның техникалық жабдықталуы және ақпараттық жұмыстарды жетілдіру жолдары қарастырылды. 2023 жылы ашылған бұл медиа алаң жылына 27 бағдарлама дайындап, аймақтағы тыңдарманға тұрақты түрде ақпарат таратып келеді.

Айбек Сыдықовтың сапары Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде жалғасты. Мұнда музейдің қазіргі жұмысы, көрме ұйымдастыру бағыттары және мәдени мұраны сақтау тетіктері таныстырылып, шығармашылық саланы дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Жұмыс сапары барысында вице-министр өңірдегі мәдени және ақпараттық ұйымдардың әлеуетін бағалап, саланы жүйелі дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT