ҚМДБ: АРАНДАТУШЫ АҚПАРАТҚА АЛДАНБАЙЫҚ!

Есігімізден енгелі тұрған мүбәрак Рамазан айы баршамызға құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты әлеуметтік желіде арандатушы ақпарат тарады. Мұндай жалған хабардың тарауына осы жылдың 8 наурызында болған феминистер шеруі мен ЛГБТ-ға қатысты Діни басқарманың ұстанымы мен Бас мүфтидің осы мәселеге орай жеке парақшасында жарияланған жазбасы түрткі болды.

ҚМДБ Қазақ елін, барша мұсылман қауымын жалған хабарға сенбеуге, бүлікке (фитна) ермеуге шақырады. «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді» («Мәида» сүресі, 64 аят). Хәкім Абай: «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды» деп айтқандай, мәселенің байыбына бармастан байбалам салып, аттандап кетуден аулақ болайық.

Тағы бір аятта Алла Тағала: «Уа, мүминдер, сендерге біреу хабар әкелсе, оны анықтап алыңдар, әйтпесе (істің анығын) білмей, бір елге залал жеткізіп, істегендеріңе (ертеңгі күні) өкініп қаласыңдар» («Хужурат» сүресі, 6-аят) деп ескерткенін естен шығармайық. Алла Тағала бірлігімізді бекем, тірлігімізді берекелі еткей!

Есігімізден енгелі тұрған мүбәрак Рамазан айы баршамызға құтты болсын! Оразаға деген ниеттеріңізді Жаббар иеміз қабыл етіп, күш-қуат берсін! Ауру-індеттен Алла сақтасын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT