Еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде аудан аумағындағы №20 орта мектепте орналасқан №100 дауыс беру учаскесінде де АЭС құрылысына байланысты дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Әсіресе қаламыздағы ардагер, зейнеткерлер де қапы қалмай, өз дауысын беруге келді. Соның бірі - ардагер энергетик Құттығай Ешібай.
Бүгінде ол аудандық “ГСВГ”, “ГВВД” ардагерлер қоғамының филиал басшысы.
- Референдум жөнінде айтсам, қазіргі таңда аудан халқы өз таңдауын жасап жатыр. Бұл елімізге ортақ жоба болғандықтан баршамыз бірдей атсалысуымыз қажет деп ойлаймын. Барша жылыойлықты дауыс беріп, өз таңдауын жасауға шақырамын,-дейді ол.
Тұрғылықты мекен-жайы бойынша сайлау учаскесіне барған зейнеткер жұбайымен қоса немересін де ертіп алған. Ол жанұясының мұндай маңызды тарихи кезеңнен тыс қалмайтынын баса айтты.
Д.ІЗБАСАРОВА