Көзі көрмесе де, көкірегі ояу құлсарылық зағип жанның бірі - Марат Сұлтанов. Олай дейтін себебіміз жанары суалып, жарық дүниені көруден қалса да өзінің мүмкіндігін ешқашан шектемей, барша қазақ елі үшін маңызды күнде таңдау жасауында.
Сайлау учаскесіне өз аяғымен келе алмайтын Марат әр сайлауда үйден дауыс беру үшін өтініш береді. Басқа да елеулі саяси жаңалықтарды құр жібермейді. Оған дауыс беру үшін сайлау комиссиясының мүшелері барлық жағдайды жасады. Өтініш түскен соң көп ұзамай оның тұрғылықты мекен-жайына дауыс беру жәшігін апарып, таңдауын лайықты түрде жасауға мүмкіндік туғызды.