Мал ұрлығы - маңызды мәселе

Ауыл тұрғындарына таврирлеу мен биркалаудың артықшылықтарын ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Жақында аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында Жылыой ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Оған аудан әкімі, комиссия төрағасы Азамат Бекеттің өзі қатысып, жүргізіп отырды. Жиында, негізінен, мал ұрлығы, зорлық-зомбылық, пробация және басқа да күн тәртібіне сәйкес бірнеше мәселе қаралды.

«Ауыл тұрғындарына таврирлеу мен биркалаудың артықшылықтарын ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы. Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ветеринарлық бақылау қызметінің жұмысы туралы» аудандық ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбет баяндама жасап, түсінік берді.

Ал «Мал ұрлығына қарсы күрес проблемалары, малды сату және тасымалдауда заңдылықтың сақталуы, ұрлық, малды заңсыз жерде сою, заңсыз ет өнімін сатумен айналысатын адамдар мен топтарды анықтау туралы» және «Лаңкестік сипаттағы домалақ хабарламалардың алдын алудың жай-күйі және олар бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру туралы» мағлұмат берген аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ерболат Досмағұлов осы салада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етіп, ашылған қылмыстар хақында дерек келтірді.

Комиссия отырысында, сондай-ақ, «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатал ұстауды ескерту бойынша профилактикалық жұмыстың жай-күйі» және «Пробация қызметінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары квотасының мөлшерін ұлғайту туралы» аудандық білім бөлімі мен пробация қызметінің басшылары хабардар етті. Соңынан көтерілген мәселелерге байланысты комиссия тиісті шешім қабылдады.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521