Мал ұрлаған жетпістегі шал екен

Ыңғайлы жерге апарып, сұлатып салып, кәнігі қасапшыдай іске кірісті.

Былтырдан бастап «Мал ұрлығы және тонау, қарақшылық қылмыстары бойынша тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік мекемеге, қоймаға, көлікке заңсыз кіру» жөніндегі құқық бұзушылықтар қылмыстың ауыр санатына ауыстырылғаны аян. Осыған орай, Қылмыстық кодекске арнайы «Мал ұрлау» деген 188-1-бап енгізіліп, енді төрт түлікке қасқырдай тиген қос аяқты тағыларға тағайындалар жаза түрлері де күшейе түсті.

Жаңа кодекс талабы, негізінен, төрт баптан тұрады. 1-баптан бастап, 4-бапқа дейінгі тағайындалар жаза түрлері де ауырлай түседі. Әсіресе қылмыстық топ құрып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «барымташыларға» тағайындалар жазаның мөлшері көбейді. Олардың жәбірленушілермен ымыраға келуіне заң мүмкіндік бермейді. Сот үкімімен бірден 10-нан 12 жылға дейінгі мерзімге «срок» арқалап кетеді. Осындай заң талаптарының қатайғанына қарамастан, аудан аумағында да мал ұрлығымен айналысып жүрген азаматтар қатары азаймай тұр. Соның бірі өткен жылдың күзінде қолға түсті. Бір қызығы өрісте жайылып жүрген жануарды жасырын түрде жымқырған ұры әлдеқашан зейнет жасына жеткен қарт кісі болып шықты. Оның не себепті мұндай әрекетке барғанын айтпай-ақ қояйық, бірақ бұл ақыл тоқтатып, жастарға нақылды сөз айтып отыратын ақсақалға тән іс емес екені белгілі.

Оқиға қоңыр күз айында орын алған еді...

Мақаланың толық мәтіні газетіміздің №23 санында.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521