Махамбет Досмұхамбетов: Теңіздегі қызметкерлер жұмыссыз қалады деген мәселе мүлде жоқ

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мəлімдеді" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда үлкен ошаққа айналған Теңіз кенішіндегі қалашықтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жерден жұмысшыларды демобилизациялаудың мақсаты — азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Сол арқылы, аурудың кеңінен тарап кетпеуіне қол жеткізе алдық. Жағдай тұрақтанған соң адамдар қайтадан жұмыс орындарына оралады. Теңіз кеніші жұмысын тоқтатып, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе мүлде жоқ» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте.

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін Теңізден өндіріске тікелей қатысы жоқ вахталық жұмыс мерзімі біткен 18 мыңнан астам жұмысшы уақытша тұрғылықты мекенжайларына шығарылды.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика