Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ: «Мақсат – тәуелсіздігімізді баянды ету»

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ «Біз биыл тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Егемендік жылдары еліміз барлық салада орасан зор табыстарға қол жеткізіп, әлемдік қауымдастыққа өзін мойындатты. Тәуелсіздік жетістіктерінің айқын куәсінің бірі - жаңарған, жаңғырған Атырау өңірі», - деді облыс басшысы.

​ Спикердің айтуынша, осы жылдары өңірде халық саны артып, барлық сала тұрақты өсіммен келеді. Инвестициялар көлемі бірнеше есеге өсіп, экономиканың жаңа секторлары қалыптасып, ауыл шаруашылығы дамып, мал басы айтарлықтай көбейген. Өнеркәсіп, соның ішінде, мұнай және газ өндіру қарқыны еселеп ұлғайған. Жол салу, газбен және ауыз сумен қамту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік пен тұрғын үй құрылысы саласы тұрақты дамуда.

Былтыр Атырау өңірінде экономикаға тежеу болған коронавирустық инфекция пандемиясына қарамастан, жүйелі жұмыстар жүргізілгеніне тоқталған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Бұл толағай табыстар - бүгінгі әлеуетімізді арттыруымен ғана шектелмейді, болашақ дамуымызға да негіз болады. Ендігі мақсат – қол жеткен жетістіктерді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтып, тәуелсіздігімізді баянды ету», - деді.

Атап өту керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика