МАЙКӨМГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, аудан әкімінің өкімімен САУЫТОВ НҰРЖАРЫҚ САҒИҰЛЫ Майкөмген ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.  

Сауытов Нұржарық Сағиұлы 1971 жылы 1 қаңтарда Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

1994 жылы Ақтөбе мәдениет училищесінде «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша;

2000 жылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша;

2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Экология» мамандығы бойынша білім алған.

Алғаш еңбек жолын 1988 жылы «Коммунизм таңы» совхозында қарапайым жұмысшы болып бастаған.

1991-1994 жылдары Аққұдық селолық клубының меңгерушісі болып қызмет жасаған.

1994-2011 жылдар аралығында Майкөмген ауылдық округіндегі №17 жалпы орта білім беретін мектепте ұйымдастырушы, дене шынықтыру және ән сабағының мұғалімі, бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі және директордың патриоттық істер жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

2011-2019 жылдары Майкөмген ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасады.

2019 жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521