Майкөмгеннің де өз мәдениет үйі бар

Майкөмгеннің  де өз мәдениет  үйі бар

Кеше Майкөмген ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 200 орындық мәдениет үйі ашылды. Жалпы ауданы - 709,72 шаршы метр, қос қабатты ғимаратта 200 орындық концерттік зал, киім мен костюмдер бөлмесі, 16 орындық асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Сонымен бірге қызметтік кабинеттермен, үйірме және оқытушы бөлмелерімен, 12 орындық оқу залы бар кітапханамен, 4 орындық медиатекамен және кітап сақтау бөлмелерімен жарақталған.

Жаңа нысанның салтанатты ашылу шарасына облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өзі қатысып, тұрғындарды құттықтады.

- Мәдениетсіз мемлекеттің көсегесі көгермейді. Сондықтан өзіміздің ұлттық руханиятымызды қалыптастыру маңызды. Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін білім, мәдениет, ғылым салаларын дамыту қажеттігін атап өтті. Осы тапсырманың орындалысының бүгінгі көрінісі - осы ауылда соңғы үлгідегі жаст арға арна лған мәдениет ошағының ашылуы. Мәдениетсіз адам болса да, ел болмайды. Жастарымызды ұлттық өнерімізді , құндылықтарымызды дәріптейтін жағдайға жеткізіп, лайықты тәрбие беруіміз керек. Осындай жақсылығы мол игі істеріміз қатары арта берсін! -деді облыс әкімі. Мәдениет үйінің құрылыс жұмысы 2022 жылдың шілде айында басталды. Тапсырыс беруші - аудандық құрылыс бөлімі.

Құлсары қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Майкөмген ауылдық округінде қазір 1 165 тұрғын бар. Мұнда мектеп, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар халыққа қалтқысыз қызмет көрсетеді.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521