Майкөмген ауылының 60 жылдығы аталып өтті

Жылыой ауданына қарасты Майкөмген ауылының құрылғанына 60 жыл толу мерейтойына орай  мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мерейтой аясында 25-26 қазан күндері  ауыл жастары мен ересектер арасында волейбол және шағын футбол бойынша ашық турнир өтті. 

Сонымен қатар, ауылдың спорт мектебінде қазақша күрес, асық ату және бәйге алаңында тай жарысы мен садақ ату секілді ұлттық спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылды. Ал мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, отшашумен аяқталды.

Қазір Майкөмген ауылында волейболдан жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир және ақындар мүшәйрасы өтіп жатыр.

Айта кетейік, Майкомген ауылының 60 жылдығын мерекелеудің бас демеушісі "Теңізшевройл"компаниясы болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT