Майкөмгенге - жаңа әкім

Бүгін Майкөмген ауылдық округі әкімінің сайлауы болды.

Бүгін Майкөмген ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы З.Қалмұханова, мәслихат депутаттары қатысты.

Алдымен Қазақстан Республикасының гимні орындалды. Сайлаушылар бюллетеньдерді белгілеп, қалаған кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде Майкөмген ауылдық округінің әкімі болып Марат Қабиденов сайланды.

Марат Әлімжанұлы Қабиденов бұған дейін «Жас Отан» жастар қанатының Жылыой ауданындағы жетекшісі, Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521