Майкөмген ауылына жаңа имам тағайындалды

ken-zhyloi.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған жаңа имам Райымбек Сағындықовты жергілікті жамағатқа Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды, деп хабарлайды Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

Сағындықов Райымбек Рамитжанұлы Алматы қаласындағы Нұр – Мүбәрак университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2017 жылы Ақтөбе облысы, Ембі ауданындағы «Нұр» мешітінде бас имамдықтан бастаған. Әр кезеңде Ақтөбе орталық «Нұр-ғасыр» мешітінде, Атырау қаласындағы «Әт-Тақуа» мешітінде және Алматы қаласындағы «Нұр-мүбарак» мешітінде имамдық практикадан өткен.

Жаңа имамға ақсақалдар бата беріп, жұмысына сәттілік тіледі. Ал Жылыой ауданы, Майкөмген ауылдық округ әкімі Марат Қабиденов ауыл имамына қызметтік пәтер кілтін табыс етті.

"Жылыой-ақпарат" 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521