Майкөмген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Наурыз-Думан» атты мерекелік шара өтті

Аталмыш шараны №17 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдерінің қатысуымен өткен сахналық қойылыммен басталды.

Яғни, қыз ұзату,көрісу салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылар кеңінен насихатталды.

Мектебіміздің өнерпаз оқушылары күйден шашу шашып, бұлбұлша ән шырқады. №5 Балалар және спорт мектебінің ұйымдастыруымен 16-24кг. гір тасын көтеру, асық атыу, тоғыз қомалақ спорттық сайыстар өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауыл әкімі М.Әлімжанұлы ауыл халқын мерекемен құттықтап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген мектеп мұғалімдерін, оқушыларды, ауыл белсенділерін Алғыс хатпен марапаттады.

Майкөмген ауылдық округі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521