Мақтааралдықтар лебізін бейнежазба арқылы жеткізді (+ВИДЕО)

Жолға 6 ауыр жүк көлігі, 20 га­зель және 2 жеңіл машина шықты.

Қиындыққа тап келген Мақтааралға еліміздің көп­­­теген аймағынан гу­ма­­ни­­тарлық көмек беріліп жатыр.

Мұнайлы мекен – Атыраудан да Мақтаарал ауданына ал­ғашқы гуманитарлық көмек жөнелтілді. Атырау халқы жинаған 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген гуманитарлық көмек Түркістан облысына аттанды.

Жолға 6 ауыр жүк көлігі, 20 га­зель және 2 жеңіл машина шықты. Сонымен қатар Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты барлық жеті аудан халқы жи­наған 15 миллион теңгедей қа­­ражат Мақтаарал халқына беріледі.

«Бұйырса екі тәулік ша­ма­сында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жет­кіземіз. Талай қиындықты хал­қымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге еңсереміз. Біз біргеміз!» – дейді ұйымдастырушылар.

Қазіргі кезде тағы екі көлік жолға дайындалып жатыр. Бұл көмектен өзге Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету үшін ашылған арнайы қорға аты­раулықтар тарапынан қар­­жы жиналып жатыр.

Бұл адам­гершілік атты игі істі жал­ғаған қазақ халқының ба­ба­лардан жеткен айрықша қасиеті.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз