Мақтааралдықтар, біз сіздермен біргеміз!

Апат айтып келмейтіні хақ.

1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Қауіпті аймақтан 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 600-дің үстінде үй су астында қалды.

Апат айтып келмейтіні хақ. Еліміз мына бір қауіпті індетпен арпалысып жатқанда, Мақтааралдағы жағдай халықтың алаңдаушылығын туғызды. Еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілерден құрылған топтар көмекке азық-түлік, киім-кешек жинауға лезде кірісіп кетті. Атырау қаласы, облысқа қарасты барлық ауданда осындай шұғыл іс-әрекеттер қолға алынды.

Жылыой ауданынан 2 жүк көлігін толтырып жіберу жоспарланды, дейді біз хабарласқан Нұржан есімді жігіт.- Кеше түнде осы басына қиын-қыстау кез туған мақтааралдықтарға қолымыздан келгенше жәрдемдессек деп жазып таратқан хабарлама жариялағалы телефоныма тыным жоқ.

Қазір жүк көлігі Орталық базар маңында тұр. Уақыт оздырмай, 1-2 күн турасында көліктерді жөнелтуді жоспарлап отырмыз, -дейді.

Қосымша ақпаратты 8 778 171 97 58 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.

Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521