Пандемия кезінде ауданда дәрігер мамандардың тапшылығы байқалды.
Еліміздегі маңызды саяси науқанға санаулы уақыт қалды. Бүгін жоспарға сай үміткерлер ауданымыздағы медицина саласында оқып жатқан студенттер мен дәрігерлермен кездесу өткізді. Атырау облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
- Партияның 7 басым бағытының бірі тұтастай дерлік осы медицина саласына бағытталған. Пандемия кезінде ауданда дәрігер мамандардың тапшылығы байқалды. Бағдарламада ауданға, соның ішінде ауылдарға мамандарды көптеп тарту, тұрақтандыру; біліктілікті арттыру және жаңа әлемдік тәжірибе алмасу мақсатында мамандарды шетелдерге алдыңғы қатардағы озық медициналық клиникаларына жолдау және тағы басқа көптеген мәселелер қамтылды, - деді өз сөзінде А.Абдолов.
Үміткерлер А.Қарабаева мен А.Ғабдуллиндер 10 қаңтарда өткізілетін сайлауда партияны қолдап, дауыс беруге шақырды.
- Төтенше жағдай орын алып, халық жаппай індетқе шалдыққанда, жанкештілік танытып, дертпен күрестің алдыңғы шебінде осы біздің ақ халатты абзал жандарымыз тұрды. Олар айлап үй-күйін, отбасын көрмей, тынбай тәжтажалмен күресті. Сол үшін олардың алдында басымды иемін, - деді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер С. Мәмбетова.
Қатысушыларға ұсыныс парақшалары мен брошюралар таратылып, көкейде жүрген ұсыныс-пікірлері жинап алынды.
Ж.Әбдікәрімова
"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді