Мақсат - әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтау

Фасилитация форматында өткен шара үш сессиядан құралды.

Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "ТШО" компаниясының өкілдері және үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) төрағаларымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты: ауданның дамуына үлес қосып жүрген ҮЕҰ-дың ұсынған бағдарламаларын талқылау. Ауданның әлеуметтік өзекті мәселелерін анықтау және шешу.

Жиналысқа Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов, "Теңізшевройл" ЖШС-нің Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев, Орталық Азия Еуразия Қоры директоры Ринад Темирбеков, Атырау облысындағы белгілі ҮЕҰ мүшелері мен аудандағы ҮЕҰ төрағалары, әлеуметтік кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Фасилитация форматында өткен шара үш сессиядан құралды. Топ-топқа бөлінген қатысушылар соңында тұрғындардың әлеуметтік түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды қарастырды. Рзабек Артығалиев өз кезегінде үздік деп танылған жобаларды қаржыландыруға қаражат қарастыруға ұсыныс енгізетінін жеткізді.

Аудан басшысы Х.Жамалов мемлекеттің қандай да болмасын бастамасын жүзеге асыру жолында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалардың халық үшін маңызы өте зор екенін атады.

Кездесу қорытындысы бойынша әр тараптар бұдан әрі де ынтымақтастықта қызмет етіп, жақсы жоба бастамаларды жүзеге асыра беретініне сенім білдірді.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз