«Мақат тынысы» газетінде – жаңа бас редактор

Мақат аудандық «Maqat tynysy» қоғамдық-саяси​ газетіне жаңа басшы тағайындалды. Қасиетті жұмадан бастап бас редактор қызметіне Ізтұрғанова Мөлдір Серікқызы кірісті.


Жаңа басшыны ұжымға «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.​
Таныстырылым ресми түрде болғанымен, жергілікті басылым М.Серікқызына бұрыннан бөтен емес еді. Ол мектеп қабырғасынан-ақ редакциямен тығыз байланыс орнатып, студент кезінен жұмысқа араласты.


Мөлдір Ізтұрғанова 1996 жылы туған. Білімі – жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 2018 жылы журналистика мамандығы бойынша бітірген.
2016-2020 жылы Мақат аудандық "Maqat tynysy" газетінің тілшісі, 2019-2020 жылы Атырау облыстық «Atyray’» телеарнасының меншікті тілшісі, 2020 жылдың қазан айынан бастап Атырау облыстық «Caspian news» телеарнасының меншікті тілшісі,
2020 жылдың қаңтар айынан Мақат аудандық "Maqat tynysy"​ ​ газетінің бас редактордың орынбасары, жауапты-хатшы болып қызмет атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521