“Мақат тынысы” газеті “Ең мейірімді редакция” аталымы бойынша марапатталды

«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында “Атырау-Ақпарат”  ЖШС-на қарасты “Мақат тынысы” газеті редакциясы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі III орынға ие болды. 

Аталған байқау бойынша, Қостанай облысынан «Ритм» газеті I орын алса, 

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы II орынға ие болды.

Айта кетейік, аталған редакциялар мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын бірнеше  жылдан бері жүйелі ұйымдастырып жүр. Әр жанұяға азық-түліктер үлестіріліп, ақшалай да көмек беріліп келеді.

whatsapp-image-2021-12-03-at-18_21_03

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521