Мәжіліс депутаты аудан тұрғындарымен кездесті

Ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы іс сапармен келді. Мәжіліс депутаты кездесу бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдады. Олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кейбір шағымдарға орай, заң аясында түсініктер берді. Көптеген  ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыру көзделді.

Мәжіліс депутаты бұдан кейін «Өзгерістер жолы әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламалардың орындалуын зерделеді. Құлсары қаласындағы құрылысы аяқталмай тұрған нысандарға барып, кідірістің себеп-салдарын білді. Салынып жатқан құрылыс ғимараттарының мән-жайымен танысты. Партиялық бақылау бекеттерінің жауапты өкілдерімен тілдесті.

Сәлімжан Жұмашұлы «Казтрансойл» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен жүздесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Парламент Мәжілісі депутатымен кездесу кезінде аудандағы жас кәсіпкерлерді қолдау туралы ұсыныстар айтылған болатын. С.Нақпаев бұл ұсынысты қаперге алып, Парламент қабырғасында қозғайтынын айтты.

С.Бақтығали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521