Алайда мұз беті әлсіз болса, жарылып, олардың суға кету қаупі туындайды. Сондықтан Жылыой ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері 2019 жылдың қараша айынан бастап қауіпсіздік жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Сырғанақ тебуге барғанда мына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз:
* Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса - берік, ақ болса - беріктігі аз дегенді белідіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзал.
* Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.
* Мұз үстіне мотоциклмен, автокөлікпен шықпаңыз.
* Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз.
* Мұз үстінде тыйым салынған жерлермен өтпеңіз.
* Ата-аналарға қатаң ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз.
* Ойыққа түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай - алкогольді ішімдікті тұтынудан. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ 112 НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.
Сурет: ашық дереккөз