МҰЗ ҮСТІНДЕ САҚ БОЛАЙЫҚ!

Ескерту!

Көктем айы басталғалы Қамыскөл бетіндегі мұз қалыңдығы күннен-күнге жұқаруда, жергілікті әуесқой балықшылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай автокөліктерімен көл бетіне шығуда. Осы әрекеттерімен өз өмірлеріне қауіп төндіріп отыр. Осындай оқиғаларды Төтенше жағдайлар горнизонымен күнделікті жүргізіліп отырған рейд кезінде анықталып отыр.

15 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық өзенінің мұз бетінде Махамбет ауылының тұрғыны өз басқаруындағы "Нива Шевролет" автокөлігімен жүріп бара жатып, мұз ойылып кеткен, бірақ өзі қауіпсіз мұз бетіне шығып үлгерген, ал автокөлігі суға батып кеткен. Өзенге батып кеткен автокөлікті Атырау облысының Жедел құтқару жасағы қызметкерлері 16 наурыз күні алып шыққан.

Осы берілген ақпаратты ескере отырып, Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Сонымен қатар ауа райының жылынуына орай мұз үстінде жаяу жүргіншілерге де, автокөлікпен жүруге де қатаң тыйым салынады.

Құрметті аудан тұрғындары, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары қайғылы жағдайларға әкелетінін ұмытпаңыз.

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521