Мұз айдыны жалтырап тұрса екен

Құлсары қаласындағы Құрсай өзегінде мұз айдындары (ықшамаудандарға баратын көпірдің екі жағында) жасақталып, балалар мәз болып коньки тепкен болып жүр. Мен осы мұз айдынын барып көрдім. Мұз айдыны деген аты ғана, ешқандай жағдай жасалмаған. Бір үйшік қойылып, екі ағаштан жасалған орындықтар қойылған.

Өзек ішіндегі мұзбен бірге қатқан қамыстар дұрыс шабылмаған, тазартылмаған. Мұздың үсті лас. Балалар құлап, «киімдерімен тазартып жүр». Әжетхана жоқ. Мұз айдыны деп атауға келмейді, тек конькимен сырғанауға келген балалардан ақша жинап, пайда табуды көздеген сияқты ұйымдастырушылар. Кәсіпкерлікпен айналысқан дұрыс. Алайда айдынға келгендерге жағдай жасалуы керек қой. Менің ойымша, мұз айдыны тазартылған төрт бұрышты алаң болып, үстіне таза су құйылып, қатырылған тегіс болуы керек. Жан-жағына ұзын ағаш отырғыштар қойылып, және дәретхана міндетті түрде болуы керек деп есептеймін.

Осы жағдайды мұз айдынын ұйымдастырған жігіттермен кездесіп, өз ұсыныстарымды беріп, қаланың тұрғыны ретінде ескерту жасадым. Бірақ айдынды сапалы етіп қайта жасақтауға деген қозғалыс көрінбейді. Бұл жағдайды мұз айдынын ұйымдастырғандарға рұқсат берген қала әкімшілігі, басқа да құзырлы органдар неге қадағаламайды? Осы жағдайды өз көзімен көрген, ұйымдастырушыларға аяқтай барып ұсыныс берген қала тұрғыны ретінде газет арқылы құзырлы органдардың қаперіне беріп, шараларын алады деп сенемін.

С. БЕКТІЛЕУОВ,

қала тұрғыны, ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521