Ауданымыз күннен күнге дамып, жаңа ғимараттармен толығуда. Соның нәтижесін балғын балапандар мен жасөспірімдер қызықтауда. Оған дәлел, былтыр ауданымызда балаларға арналған демалыс саябағы ашылса, биыл ауданымызда жаңадан мұз айдыны ашылды. Құлсары қаласында «Бақытты бала» мұз айдыны мен отбасылық демалыс орны ашылды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңадан ашылған мұз айдыны 35 балаға арналған. Бұған дейін ауданымызға белгілі кәсіпкер альпі ешкісінің сүт өнімдері мен жазғы демалыс орталығының иегері кәсіпкер Аманжан Құсайынов ашып отыр.
Аталмыш балаларға арналған мұз айдыны 140 дана италияндық өндіруші конькилермен жабдықталған. Бұл сырғанақ алаңы жыл бойына халыққа қызмет көрсетеді. Бұл туралы кәсіпкер айтып өтті.
«Мұз айдыны жыл бойы халыққа қызмет көрсетуді көздеп отыр. Ондағы синтетикалық мұздың қаттылығы нақты мұзға қарағанда 10-15 пайызға жоғары. Және де мұз айдыны коньки тебуді жаңадан бастаушылар мен балаларға жаттығуға, мәнерлеп сырғанауға, керлинг немесе хоккей элементтерін жаттықтыруға ыңғайлы»,-дейді ол.
Аталмыш сырғанау алаңы соңғы озық технологиялармен жабдықталған. Мұнда мұз айдыны мен балаларға арналған түрлі атракуциондар мен батуттар бар. Сондай-ақ, жаз мезгілдерінде Қамыскөлдің әдемі көріністерін аралауға арналған әдемі қайықтар да бар.
Айта кетейік, аталған мұз айдыны Береке ықшам ауданында Қамыскөл жағажайының бойында орналасқан. Дүйсенбіден жұмаға дейін күндізгі сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі-жексенбі күндері сағат 14:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істейді.
А.Жұмабергенова